Көкшетауда 30 адамды алдаған алаяқ ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат- Көкшетауда 30 жуық адамға жер алып береміндеп алаяқтық жасаған 29 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

5 қыркүйекте Көкшетау қалалық ІІБ кезекшілік бөліміне 34 жастағы жергілікті тұрғын хабарласқан.

Зардап шегушінің сөзіне қарағанда, бейтаныс адам оған жер телімін тездетіп алып беруге көмектесе алатынын сендіріп, 380 000 мың теңге ақшасын иемденіп кеткен. Кейін белгілі болғандай күдікті алғашқы жарнаны алып, барлық құжаттарды нотариус арқылы толтырады. Артынша, телефонын өшіріп, хабарсыз кетеді.

«Жедел іздестіру шарасы барысында 29 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны қолға түсті. Полицейлер күдіктінің  ағымдағы жылдың наурыз және маусым айлары арасында жасаған 9 алаяқтық қылмысқа қатысы барын дәлелдеп отыр. Ал, күдіктінің өзі болса, 30 адамды сан соқтырып кеткенін мойынап отыр. Алаяқтық жолмен алған ақшасының көлемі шамамен 200 - 1 700 000 теңгені құрайды», деп түсіндірді ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде, күдікті уақытша ұстау орталығына қамалды. Оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы 2 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар