Көкшетауда 21 келіден астам есірткі көпшілік алдында өртелді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетау қаласының іргесінде биыл  тәркіленген ірі көлемдегі 21 келіден астам есірткі заты «гашиш» көпшілік алдында өртелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ҰҚК департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша жыл басынан бері облыс аумағында заңсыз саудада жүрген 60 келіден астам түрлі есірткі заттары тәркіленген. Ұсталған адамдардың қылмысы дәлелденіп, ұзақ жылға абақтыға қамалды.
null

Мәселен, маусым айында облыс аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шарасы барысында ірі көлемдегі есірткі саудасымен тұрақты түрде айналысып келген қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер есірткінің «гашиш» түрін еліміздің оңтүстік өңірлерінен Астана қаласы мен Ақмола облысына саудалау мақсатында жеткізгені анықталды. Олардан 21 келіден астам есірткі заты тәркіленді. Күдіктілердің барлығының қылмысқа қатысы бары әшкерленіп, қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

 

 

Соңғы жаңалықтар