Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 332.21
EUR 391.74
RUB 5.57
CNY 50.08

Көкшетауда 2 мың адамға 10 сотық жерден беріледі

Көкшетауда 2 мың адамға 10 сотық жерден беріледі
2017 жылғы 15 қараша 15:33 357

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысында жеке тұрғын үй құрылысы үшін өңір тұрғындарына жер телімдерін бөлу жұмысы күшейтілмек, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Мен бұл жұмыстың басталып кеткенін, ал келесі жылы осы бағытта айтулы жоспарлар барын атап өткім келеді. Тек Көкшетау қаласында ғана біз келесі жылы 2 мың жер учаскесін бөлетін боламыз», - деді Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биылғы жылы Көкшетауда тұңғыш рет тұрғындарға 10 сотық аумағындағы 218 учаске бөлінген. Келешекте Ақмола облысының 14 елді мекеніндегі 7 мың үйге инженерлік коммуникация тарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, әкімнің айтуынша, жылдың аяғына дейін кезекте тұрған Тұрғын үй жинақ банкі бағдарламасына қатысушыларына 6 көппәтерді үйді тапсыру көзделуде. 2018 жылы бағдарлама шеңберінде 20 көппәтерлі жалға берілетін және несиелік тұрғын үй тұрғызу жоспарланған.

Сонымен қатар, жеңілдетілген несие мен ипотекалық қарыз есебінен салынатын тұрғын үй құрылысының механизмі іске қосылған. Осы бағытта Ақмол ауылында 10 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы және Целиноград ауданының Қабанбай батыр ауылында 200 жеке тұрғын үй салынатын болады.

 

 

Басты сөздер: Ақмола облысы, Әкім, Тұрғын үй,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер