Көкшетау жастары латын әліпбиіне өз қолдауларын сурет салумен жеткізді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда 500-ден астам студент «Қалаға махаббатпен» «Street art» акциясы форматында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, орталық сабаяққа кіре берісте ұйымдастырылған шара барысында жастар арнайы модульдерге сурет салу арқылы Отанға деген махаббаттарын көрсетіп, қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуін қолдайтындықтарын білдірді.

null 

Шараға ұйытқы болған - Ақмола облысының білім басқармасы және «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы».

Білім басқармасы басшысының орынбасары Ботагөз Дүйсенова атап өткендей, шараның мақсаты - жасөспірімдер мен студент жастардың арасында көркемдік-эстетикалық құралдар арқылы азаматтылық пен патриоттылықты қалыптастыру. Сондай-ақ білім алушылардың көркемдік, шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту болып табылады.

null 

Осы орайда, Көкшетау қаласы «Арна» колледжінің екінші курс студенті Жұлдызай Малғаждарова: «Латын әліпбиіне көшу - мемлекетіміздің болашаққа жасаған қадамы деп ойлаймын. Біз-Қазақстанның болашағымыз! Біз қазақ тілінің латын графикасына көшуін қолдаймыз. Менің ойымша, латын әліпбиіне көшу бізге және біздің балаларымызға ағылшын  және басқа да тілдерді оңай үйренуге мүмкіндік береді»,  - деп пікірін білдірді.

null 

Соңғы жаңалықтар