Көкшетау Мемлекеттік университетінде медицина факультеті ашылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ш.Уəлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде медицина факультет ашылады. Бұл туралы Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалиннің аталмыш жоғары білім ордасының оқытушылар құрамы және студенттерімен кездесуінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыста жоғары білім беруде бай дәстүр қалыптасқан. Соның ішінде Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің алар орны ерекше. Осыдан жарты ғасыр бұрын мұғалімдер институты болып бастау алған бұл оқу орны бүгінде облысымыздың жетекші, маңдайалды білім ордасы, өңіріміздің ғылыми орталығына айналып отыр.

Аймақ басшысы алдымен, аталмыш университет ғалымдары мен студенттердің ғылыми шығармашылық жұмыстары ұсынылған көрмені аралап көрді. Одан әрі университеттің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдімүтәліп Әбжаппаров аймақ басшысын жоғары білім ордасының материалдық-техникалық базасымен таныстырды. Іргелі білім ордасы ұжымының алдында сөйлеген сөзінде аймақ басшысы жоғары білім ордасының облыстың интеллектаулды әлеуетін қалыптастыру және педагог кадрларды дайындау жүйесін жетілдіруде теңдесіз үлес қосып отырғанын атап өтті.
null 

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен ұлтарлық келісім орнаған. Осының арқасында нарықтық экономика қалыптасып, еліміздің әлеуметтік-эконмикалық даму көрсеткіші арта түсуде. Биылғы жылы еліміз үшін табысты болды. ТМД елдері арасында бірінші болып, «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі өткізілді. Одан қалды Алматы қаласында өткен Дүниежүзілік Азияда да еліміздің мәртебесін асқақтата түсті. Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы өзгерту үшін экономика, саяси үрдістерді жаңғырту туралы міндеттер белгілеген болатын. Осы міндеттерді жүзеге асыру тұрғысынан алғанда біздің облыста да ауқымды шаралар қолға алынуда», дей келе облыс әкімі өңірдің əлеуметтік-экономикалық дамуы жайында айтып берді.
null 

Аймақ басшысы өз сөзінде ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, машина жасау, тау-кен металлургия саласындағы жетістіктерге тоқталды. Әсіресе, аграрлы облыс республика бойынша астықтың 25 пайызын өндірсе, жүк көлігін өндірудің 55 пайызына қол жеткізіп отыр. Теміржол саласына қажетті ірі габаритті подшипниктер ТМД елдері бойынша тек біздің облыста ғана шығарылады. Сонымен қатар, өңір басшысы осы күні ауыл шаруашылығы, медицина тәрізді мамандық иелерінің тапшылығын шешу бағытында қолға алынып жатқан шараларды да тілге тиек етті. Оның ішінде келер оқу жылы аталымыш білім ордасының қабырғасында медициналық факультет ашу жоспарланғаны айтылды. Онда жылына 100 студент медициналық мамандықтар бойынша білім алады. Бұл еліміздің солтүстік облыстарындағы тұңғыш факультет болмақшы. Осы күні қолында дипломы бар жас мамандарды жұмысқа орналастыру үлкен проблема болып отырған жайы бар. Сол себепті, аймақ басшысы университеттің ең үздік студенттерін жұмысқа орналастыру бойынша байқау жариялау қажеттігін атап өтті. Оған қоса, білім сапасын арттыру үшін университеттің профессорлық-оқытушылық құрамына облыстық әкімдік тарапынан 3 қызметтік пәтер берілетіні де айтылды.
null 

Шараны қорытындылаған аймақ басшысы аталмыш жоғары білім ордасының ең үздік студенттеріне облыс әкімінің гранттарын салтанатты түрде табыс етті.

Соңғы жаңалықтар