Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 335.24
EUR 395.82
RUB 5.82
CNY 50.65

Көкшетау халқы Бəйкен Əшімовтің 100 жылдығын атап өтті

Көкшетау халқы Бəйкен Əшімовтің 100 жылдығын атап өтті
2017 жылғы 13 қазан 05:57 578

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда Қазақстанның көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Бəйкен Әшімовтің 100 жылдығы аталып өтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар» мəдениет сарайында ұйымдастырылған тағылымды шараға қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Бəйкен Əшімов бұрынғы Ақмола облысы Көкшетау уезі, Айыртау болысы Шабанбай  би ауылында 1917 жылы туып, 2010 жылы дүниеден озған. Қарапайым ауыл баласы Қазақстанның көрнекті мемлекет жəне қоғам қайраткері дəрежесіне көтеріліп, Социалистік Еңбек Ері атағын алды. 1970 жылы Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Төрағасы болып тағайындалды, бұл қызметте он төрт жыл жұмыс істеген ол тың жəне тыңайған жерлерді игеруге, Қазақстанның ауыл экономикасын көтеруге сүбелі үлес қосты. 1984-1985 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Төрағасы болды. 1985 жылдан дербес зейнеткер. Бəйкен Əшімов төрт Ленин, бірінші дəрежелі екі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен жəне медальдармен, сондай-ақ, Моңғолия мен Польшаның ордендерімен марапатталған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев қазақтың абыз қарты Бəйкен Əшімов зор құрмет тұтып, əрдайым адамгершілік асыл қасиеттерін жəне елге сіңірген еңбегін жоғары бағалап отырды. Соның бір айқын айғағындай 2014 жылы Алматыдағы Төлебаев 119 көшесіндегі Бəйкен Əшімов тұрған үйге ескерткіш тақтасы орнатылды. 5 желтоқсан күні Алматыдағы Жандосов пен Розыбакиев көшелерінің қиылысында Бəйкен Əшімов атындағы мешіт ашылды. Кірер есіктегі қара мраморға үш тілде алтын əріптермен «Бəйкен мешіті 2014 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша салынды» - деп жазылған. 

 

 

Басты сөздер: Мәдениет, Ақмола облысы,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер