«Көкпар тартар Құстөбе» туралы не білеміз

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Көнекөз қариялардың айтуынша, Наурыз тойын мерекелеуге Тобыл-Торғай өңірі ерте кезден-ақ айрықша мән берген. Мәселен, Ұлыстың ұлы күнінде ауыл адамдары бір қыратқа жиылып, ат шаптырып, көкпар ойнатқан деседі. Сондай қасиетті мекендердің бірі - Құстөбе.

Қазіргі Құстөбе елді мекені Амангелді аудынына қарасты Құмкешу ауылынан 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Халық аузында «Құстөбе», «Қыш төбе», «Зер тас» деген атаулар бар. Аудан тұрғыны, 86 жастағы Дәмеш Әбдірахманқызының айтуынша, Құстөбе қыраты ертеректе Наурыз тойын өткізетін мекеннің бірі болған.
null null


null  

«Құстөбе қыраты - біздің аталарымыздың Наурыз мейрамын өткізген басты орны. Ол уақытта қариялар 22 наурызды «Қызылбас күні» деп атайды екен. Осы күні олар Құстөбеге барып, көкпар тартып, бәйге ұйымдастырады екен. Көкпар тарту сол маңнан әріде, шамамен 3-4 шақырым жердегі Зертас деген төбеден басталады. Серкені бірінші көтерген салымшы Құстөбеге дейін жетіп, бір байшыкештің немесе басқарманың үйінің алдына әкеліп тастаған. Кейін серке әкелгенге үй иесі құрмет көрсетіп, сый берген деседі», - дейді Дәмеш әжей.
null 

Көргенде кейде барып Құстөбені,

Бойыма ол ерекше күш береді.

Сағынып бауыр басқан сары белін

Көктемде салып ұрып құс келеді.

 

Тұрамын Құстөбенің белесінде,

Бұлттарға бой созамын теңесуге.

Осынша мені көкке биіктеткен

Тұрады әрдайым да ел есімде.   

Бұл - белгілі ақын Байдақ Молдашевтың «Құстөбе» поэмасынан үзінді. Ел арасында атағы жайылған, талай бәйгенің алдын бермеген тұлпарлар Көкшағыр мен Қайқы торы да осы Құстөбеден шыққан. Сондай-ақ, халық арасында «Көкпар тартар Құстөбе» деген ән қалған.

Осыған ұқсас оқиғаны белгілі өлкетанушы Шөптібай Байділдиннің де аузынан естідік. Оның сөзінше, Ұлы Жыланшықтың бойындағы Наурыз тойы көкпар ойынымен басталатын.

«Менің әкем Байділдә 1893 жылы туған. Әкем жас кезінен көкпарға түсіпті. Наурыз мерекесінде өтетін көкпарға тек айғырлар қатыстырылады екен. Төсіне қос тартпа,  өмілдірік тағынған екі айғыр ортаға шығарылады. Қатар тұрып, салымшылар тақымға басады. Ноқтадан шылбырды өткізіп, қалған қатысушылар екі жаққа кереді. Көкпарды қай жағы тартып алады, жеңіс соларда. Салымды жұлып алып кеткен жақ ауыл байларының үйінің алдына тастайды. Өз кезегінде үй иесі кәде ұсынады. Ол кезде тек серкенің терісін ғана салған. Себебі, ол жыртылмайды», - деп түсіндірді өлкетанушы.
null 

Шөптібай Байділдин айтқандай, 1913 жылғы мал санағы бойынша, Жыланшықтың бір өзінде 25 мыңға тарта жылқы болған. Сол себепті, Тобыл-Торғай бойын жайлаған қазақтың Наурыз тойы ат бәйгесі, арқан тартыс, көкпарсыз өтпеген.

Наурыз мейрамы Қазақстанда 1988 жылдан бастап ресми тойланып келеді. Төмендегі бейнежазба тоқсаныншы жылдардың басында түсірілген. Оған қарап, сол уақытта жергілікті тұрғындардың ұлық мерекені ауыл-ауыл болып тойлағанын көруге болады.

 

Соңғы жаңалықтар