Көкпар: Астанада өтетін әлем біріншілігінің жеребесі тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Қазанат» атшабарында көкпардан І Әлем чемпионатында ойнайтын командалар өз қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем чемпионатын өткізу шарты бойынша 12 команда өкілдері бір ай бұрын Астанаға арнайы келіп, жеребе тарту рәсіміне қатысты.

ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы ұйымдастырған бұл жеребе тартудың өзі қазақы нақышта өтті. Журналистер мен жанкүйерлердің көз алдында шетелдік командалардың өкілдері ою-өрнекті қоржынға салынған киіз үй пішіндес ыдыстардағы нөмірлерді кезекпен суырып, қай топта, қандай командалармен кездесетінін анықтап қайтты. Сонда жеребе кімге қалай түсті? Рет саны бойынша таныс болыңыздар.

«А» тобында:

№-1 - Қырғызстан көкпар командасы
№-2 - Өзбекстан көкпар командасы
№-3 - Түркия көкпар командасы
№-4 - АҚШ көкпар командасы
№-5 - Тәжікстан көкпар командасы
№-6 - Моңғолия көкпар командасы

«Б» тобында:

№-7 - Қазақстан көкпар командасы
№-8 - Әзербайжан көкпар командасы
№-9 - Ресей көкпар командасы
№-10 - Венгрия көкпар командасы
№-11 - Қытай көкпар командасы
№-12 - Ауғанстан көкпар командасы

Сонымен, 20-28 тамыз айында дәл осы «Қазанат» атшабарында туын көтеретін І Әлем чемпионатында 12 көкпар командасы төмендегі кесте бойынша бақ сынайтын болады. Бір күнде алты кездесу тамашаланады.

21 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Қырғызстан - Моңғолия командалары
2. Қазақстан - Ауғанстан командалары
3. Өзбекстан - Тәжікстан командалары
4. Әзербайжан - Қытай командалары
5. Түркия - АҚШ командалары
6. Ресей - Венгрия командалары

22 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Моңғолия - АҚШ командалары
2. Тәжікстан - Түркия командалары
3. Қырғызстан - Өзбекстан командалары
4. Ауғанстан - Венгрия командалары
5. Қытай - Ресей командалары
6. Қазақстан - Әзербайжан командалары

23 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Өзбекстан - Моңғолия командалары
2. Түркия - Қырғызстан командалары
3. АҚШ - Тәжікстан командалары
4. Әзербайжан - Ауғанстан командалары
5. Қазақстан - Ресей командалары
6. Венгрия - Қытай командалары

24 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Түркия - Моңғолия командалары
2. АҚШ - Өзбекстан командалары
3. Тәжікстан - Қырғызстан командалары
4. Ресей - Ауғанстан командалары
5. Венгрия - Әзербайжан командалары
6. Қытай - Қазақстан командалары

25 тамыз күні кездесетін командалар:

1. Моңғолия - Тәжікстан командалары
2. Өзбекстан - Түркия командалары
3. АҚШ - Қырғызстан командалары
4. Ауғанстан - Қытай командалары
5. Әзербайжан - Ресей командалары
6. Венгрия - Қазақстан командалары

Осы кездесулерден соң жеңіске жеткен командалар ширек, ақтық ойындарға іріктеліп шығады. Қазақ топырағында, Елорда төрінде тұңғыш ұйымдастырылып отырған әлемдік көкпар додасының қызығынан қапы қалмаңыз, ағайын!

Фото: www.zharar.com

Соңғы жаңалықтар