Көкөніс, алма, құлпынай мен жүзім құрамында пестицидтер көп

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пестицидтер тек колорада қоңызы мен басқа да зиянкестерге ғана емес, сондай-ақ бал араларына да қауіпті. Соның салдарынан жылына 200 мың адам өмірмен қоштасады. Осы заттардың химиялық және биологиялық құраушысы фермерлердің ағзасында, суда, топырақта жиналып, тіпті азық-түлік түрінде дастарханымызға келеді. Көкөністерде, жемістер мен дәмдеуіш шөптердің құрамында пестицидтер көп.

БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесінің баяндамасында осы мәселе туралы Тамақтану құқығы мәселелерінің арнайы баяндамашысы Хилал Эльвер мен Токсиндік қалдықтар мәселелері бойынша арнайы баяндамашысы Баскут Тунджак мәлім етті.

БҰҰ сарапшылары мемлекеттердің қауіпті тыңайытқыштарды қатаң бақылауға алу бойынша жаңа келісімдерді жасап, оларды ауылшаруашылық саласында қолданудан біртіндеп бас тартуға шақырды.

Құқық қорғаушылар атап өткендей, соңғы жылдары пестицидтерді ауылшаруашылық өнімдерін жәндіктерден, арамшөптерден және басқа да зиянкестерден қорғау мақсатында қолдану артып келеді. Бұл үрдіс қоршаған орта мен тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізуде. 

БҰҰ сарапшыларының баяндамасында тыңайытқыштардың қалдықтары қоршаған ортаға, тіпті азық-түліктерде жиналып қалатындығы аталып өтілді. Олардың ең көп мөлшері көкөністерде, дәмдеуіш шөптерде және алма, құлпынай және жүзім секілді жемістерде кездеседі.

Сарапшылар пестицидтердің обыр, Альцгеймер және Паркинсон ауруларына шалдығуға әкеп соқтыратынын ескертуде.

Пестицид ауыз суда да жиналады екен. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 70 млн. фунт атразин ауыз суда қолданылады. Соның салдарынан туа біткен ақаумен ауыратын науқастар саны көбейген. Еуропалық одақ елдерінде атразинді қолдануға 2004 жылы тыйым салынған, алайда бірқатар елдердің жер асты суларының құрамында атразин кездесіп жатады.

Соңғы жаңалықтар