Қоғамдың кеңесте жиі көтерілетін өзекті 5 мәселе аталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ОКҚ-да қоғамдық кеңестердің алғашқы республикалық мәжілісінің нәтижесі талқыланған баспасөз мәслихатында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Азаматтық қоғам комитетінің төрайымы Әлия Ғалымова қоғамдық кеңестер жиі талқылайтын ең өзекті 5 мәселені атады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Егер қоғамдық кеңестер айналысатын ең өзекті мәселелерді атап өт десеңіздер, үлкен қалалар мен аймақтарда айырмашылық барын ескеру керек. Десе де, біздің тәжірибеміз көрсетіп отырғандай, ең біріншіден қоғамдық кеңес көтеретін ең өзекті мәселелердің алдыңғы қатарына қоғамдық көлік мәселесін жатқызуға болады. Екіншіден, пәтер иелері кооперативіне қатысты мәселелер өте өзекті. Үшіншіден, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына қатысты барлық сұрақтарды жатқызуға болады. Демек, су тарту, су құбырларының мәселесі дегендей... Төртіншіден, тарифтерге қатысты сұрақтар жиі көтеріледі. Бесіншіден, азық-түлік бағалары», - дейді Әлия Ғалымова.

Әлия Ғалымова бүгін өткен қоғамдық кеңестердің І республикалық мәжілісінің негізгі міндеті - қоғамдық кеңестердің қызметін жетілдіру бойынша оң тәжірибе мен ұсыныстарды ортаға салу,  пікір алмасу екенін айтады. Спикер қоғамдық кеңестердің, бірінші кезекте, тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты ұйымдастыру үшін құрылғандығын атап өтті. Екі жыл жұмыстың ішінде қоғамдық кеңестер осы міндетті іске асырудағы тиімділігін дәлелдеген.

Еске сала кетсек, бүгін Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің ұйымдастыруымен Қоғамдық кеңестердің І республикалық мәжілісі өткен болатын. Басқосуға 500-ден астам делегат қатысты. Оның ішінде Парламент депутаттары, республикалық және өңірлік қоғамдық кеңестердің төрағалары, орталық мемлекеттік органдардың, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан және т.б. мемлекеттердің халықаралық ұйымдарының өкілдері болды. 

Соңғы жаңалықтар