Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 340.35
EUR 405.46
RUB 5.87
CNY 51.64
Моңғолия мен Қазақстан жеріндегі «бұғы тастардың» тарихы тереңде жатыр - профессор Баярсайхан Жамсранжав АСТАНА. ҚазАқпарат - Алтайдан Атырауға дейінгі ұшы-қиыры жоқ қазақтың байтақ даласындай, арғымақтың белі бүгіліп, ұшқан құстың қанаты талатын ұлан-ғайыр моңғол жерінің де тарихтан сыр шертер жұмбағы мол. Қазақтың да,моңғолдың да кермиық, кең көсілген даласының әр тасы тарихқа айналып, бұрын мен бүгіннің куәсі іспеттес үнсіз мүлгиді. Тылсым даланың жұмбағынан тырс етіп сыр ашпағанынан ба, әлемнің түкпір-түкпіріндегі туристердің соңғы жылдары Моңғолия жеріне деген қызығушылықтары артып келеді екен. «...Адамдар қазір түп-төркінін, алтын бесігін іздеп жүр» дейді білетіндер. Осы ретте Ұлытауға бірге сапар шеккен моңғол профессоры Баярсайхан Жамсранжавты әңгімеге тартқан едік. Соңғы кезде АҚШ пен Жапонияның археолог-зерттеушілерімен бірге өткеннің жұмбағын шешпекке бекінген моңғол ғалымының жаңалығы да жоқ емес. Әсіресе, бізді ғалымның «бұғы мәдениеті» туралы айтқаны қызықтыра түсті.
ары қарай