Клубтар арасындағы ӘЧ: Роналдудың «Реалға» әкелген кезекті жеңісі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реалдың» футболшылары клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалдық матчында Бразилияның «Гремио» командасын ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Тrend.az ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Сенбі күні Біріккен Араб Әмірліктерінде өткен кездесу «Реалдың» пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Голды 53-інші минутта Криштиану Роналду салды.

Осылайша, «Реал» клубтық әлем чемпионатында үшінші рет жеңіске қол жеткізді. Және осы көрсеткішпен көш бастап тұрған Испанияның «Барселонасымен» теңесті.

«Реал» мен «Гремио» турнирге Еуропа мен Оңтүстік Американың ең үздік клубтары ретінде қатысуда.

Клубтар арасындағы әлем чемпионаттарында испаниялық клубтар - алты рет, бразилиялықтар төрт рет жеңімпаз болған еді.

 

Соңғы жаңалықтар