ҚК ӘӘК ұшқыштары түнгі көру аспаптарымен ұшу жаттығуын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 50185 әскери бөлімінің базасында қазақстандық Әскери-әуе күштері армиялық авиациясының ұшқыштары 2017 жылғы қорытынды тексеріс шеңберінде түнгі көру аспаптарын қолдана отырып, түнгі оқу-жаттықтыру ұшуларын өткізуде, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.



Ұшқыштар жарықтандырылған ұшу жолағы бойынша бірнеше жоспарлы ұшулар мен қонуларды және белгіленбеген алаңға қонуды орындады. Орташа биіктіктерде пилотаждау шеберлігін пысықтап, түнгі жағдайларда тікұшақты қолдану жауынгерлік мүмкіншіліктерінің машығын бекіте түсті.

Ми-171Ш тікұшағының экипажы түнгі көру аспаптарының кешенін қолдана отырып, оқу-жаттықтыру ұшуларын орындады. Ұшулардың міндетті түрдегі элементтері арасында ANVIS AN/ABS-6 авиациялық көзәйнектерін қолдана отырып, түнгі көру жүйесін пайдалану болды.

«Түнгі жағдайларда тікұшақты басқару үшін арнайы дайындалған бұл көзілдіріктер ұшу құрамын дайындаудың күрделі элементтерінің бірі болып табылатын авиациялық қару-жарақты жауынгерлік қолдануды қоса есептегенде, ұшу, қону және өзге де операцияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда пилотаж ұшу құрамын дайындаудың күрделі элементтерінің бірі болып табылады», - деп Ми-171Ш тікұшағы экипажының командирі аға лейтенант Асхат Сейілов.

2017 оқу жылғы әскерлердің қорытынды тексерісті тапсыруы шеңберінде авиацияның жауынгерлік әзірлігінің шынайы жай-күйін айқындау үшін ҚР ҚК ӘҚК ӘӘК 53975, 30153, 54835 әскери бөлімдері армиялық авиацияның бір-бір эскадрильясы дабыл белгісі бойынша кенеттен көтерілді. Тексеру барысында ұшу құрамы пилотаждау, межеге дөп шығу шеберлігі, шартты қарсыласты жою, сондай-ақ жауынгерлік қолдануға ұшуларды орындау дағдылары бойынша бағаланды.



Соңғы жаңалықтар