Кішкентай қыздың мұрнын жұлып алған өгей әке сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қарасай ауданының №2 сотында атышулы іске нүкте қойылды. 3 жастағы қыз баланың бүкіл денесін аяусыз тістелеп, мұрнын жұлып алған 1986 жылғы Ринат Қоңқабаев 8 жылға сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сот үкіміне сәйкес қылмыскер жәбірленуші тарапқа 3 млн теңге моральдық шығын төлеп беруге міндеттелді.

«Сотталушы  ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі 3 және 11 тармақтары бойынша кінəлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 3 млн теңге моральдық шығын жәбірленуші тарапқа төлеуі тиіс», - деп мәлім етті Алматы облысы сотының баспасөз қызметі.

Ал қылмыскер  жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болады

Естеріңізге сала кетейік, оқиға Талғар ауданының Тұздыбастау ауылында болған. 3 жасар қызы бар Аяулым Матаева Ринат есімді еркекпен азаматтық некеде пәтер жалдап тұрған. Қайғылы жағдай болған күні ішімдікке тойып алған күйеуі әйелін араққа жұмсап жіберген. Ол кезде бүлдіршін шырт ұйқыда екен. Аяулым дүкеннен оралғанда Ринаттың баланы қинап жатқан жерінен түскен. Бұл кезде өгей әке баланың мұрнын тістеп, жұлып алып үлгерген.

Соңғы жаңалықтар