Кішкентай Айлиннің Түркиядан шығуына шектеу неге қойылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Ыстамбұл соты бүлдіршін Айлин Мозговаяның Түркиядан кетуіне қойылған шектеуді алып тастады. Бүлдіршін небәрі 1 жас 10 айлық, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше Ыстамбұлдың отбасы істері жөніндегі соты Айлин Мозговаяның елден шығуына қойылған шектеуді алу және талап етушінің сұраған ДНК-тесті нәтижелеріне қарамастан баланың барлық заңды құқықтарын оның анасына беру туралы қаулы шығарды», - деді Үкімет отырысы аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов.

Оның айтуынша, 1 ақпан күні Қазақстан азаматшасы Виктория Мозговая Ыстамбұлдағы еліміздің бас конкульдығына жүгініп, тұрып жатқан үйде өзіне және қызына қауіп төніп тұрғанын айтып, көмек берулерін өтінген. Сонымен қатар ол Қазақстанға оралуға жәрдемдесуді сұраған.

«Сол күні дипломаттарымыз оны тұрып жатқан үйінен алып кетіп, әуежайға апарады. Әуежайда Түркия азаматының талабымен жергілікті сот қызына елден кетуге уақытша шектеу қойғаны анықталады. Осыдан кейін дипломаттарымыз оны қызымен қонақ үйге орналастырып, үнемі байланысып отыру үшін смартфон қалдырады. Сәл кейінірек олар Ыстамбұлдың отбасы істері жөніндегі сотына азаматшамыздың елден кетуіне қойылған уақытша шектеу мәселесін жеделдетілген режіммен қарау туралы өтініш жасады», - деп түсіндірді ол.

Оның атап өтуінше, бұл іске Қазақстанның Анкарадағы Елшілігі де араласып, мәселе ҚР СІМ басшылығының және Түркиядағы Елшісінің бақылауында болған.

Соңғы жаңалықтар