Кириллица қазақ тіліне тұсау болып отыр - Асылы Осман

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облыстық әзербайжан этномәдени бірлестігінің төрайымы, тіл жанашыры Асылы Осман қазақ тілін латын графикасына көшіруді толығымен қолдайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мәселен, кириллицаның ь, ъ, ю, ц сияқты әріптері бізге не үшін керек? Бұның барлығы тіліміздің қайта шұрайлы болуына тұсау болып келді. Оны да айтқанымыз жөн. Мен тілші ретінде осы мәселені айтпасам, өзіме кінә санаймын. Біреуді жамандағаным да емес, даттағаным да емес. Тек шындық бұл. Ал қазақ тілінің өзіндік ерекшелігін, ішкі дүниесі мен мазмұнын осы латын қарпімен толық көрсетуге мүмкіндік бар. Сосын қазір инвестиция деп жатамыз ғой. Соның өзінде де біреумен шарт жасасуға да, сөйлесуге де, тілдесуге де жеңіл болар еді», - деді Осман бүгін Қазақстан Халқы Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген мәжілісінде

Ғалымның айтуынша, қазақ тілін латын графикасымен таңбалағанда қазақ сөздерінің әуезділігін барынша сақтау қажет.

Айта кетейік, ҚР Парламент Мәжілісінде өткен қоғамдық тыңдауда латын әліпбиінің бірыңғай нұсқасы таныстырылған болатын. Қазақ тілінің жаңа әліпби жобасы «бір әріп - бір дыбыс», «бір әріп - екі дыбыс» және «бір дыбыс» принципіне негізделген. 

Соңғы жаңалықтар