Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионаты басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Бүгін Алматыдағы «Халық Арена» спорт кешенінде ерлер, әйелдер, жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Киокушинкай-кан каратэден Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі мен Республикалық Ұлттық киокушинкай-кан каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өтетін біріншілікке Қазақстанның барлық өңірінен 300-ге жуық каратэші қатысады. Жарыста Әлем, Еуропа, Азия чемпионаттарының жүлдегерлері мен халықаралық турнирлердің жеңімпаздары да бақ сынайды.Қазір Киокушинкай-канкаратэден Қазақстан чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар