Əкімдік астаналықтарды қайырымды қала тұрғындары болуға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы әкімдігі қатты аязға байланысты тұрғындарды тағы да қайырымды болуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ауа райының күрт суытуына байланысты тұрғылықты мекенжайы жоқ адамдарды көрсеңіздер тәулік бойы жұмыс істеп тұрған 531648, 87016548999 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз. Әлеуметтік қызмет  алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және оларды  арнайы бейімдеу орталығына жеткізу бойынша барлық тиісті шараларды жасайтын болады», - деп жазады Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева Фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетейік, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев алдағы күндері температураның төмендеуіне байланысты қала тұрғындарын қауіпсіздік шараларына назар аударуға шақырғандығы туралы бұған дейін жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ, бүгін ҚазАқпарат тілшісі Астана қаласының тұрғындары қаланың мемлекеттік қызметшілерінің бір-біріне көмек беру бастамасына үн қосып жатқандығы туралы да жазды. 

Қазгидромет таратқан мәліметтерге қарағанда, 22 қаңтардан бастап, әсіресе 23-26 қаңтар аралығында ауа-райы күрт суытып, ауа температурасы -35 - 40 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар