Киікті заңсыз атқан үш қызылордалық ұсталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 10 киікті атып алған броконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап. 

Комитеттің баспасөз хатшысы Ділдахмет Сәкеннің айтуынша, 31 қаңтарда сағат 19:20 шамасында РМҚК «Охотзоопром» ӨБ» Орталық өңірлік филиалының инспекторлары мен Жезқазған ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі табиғат қорғау бөлімінің қызметкерлері бірлескен қорғау жұмыстары барысында Қызылорда облысы Жалағаш ауданына қарасты аумақта « Toyota Land Cruiser 100» маркалы мемлекетік нөмірі 115 AYA 11 автокөлікте Қызылорда қаласының үш азаматын құрықтаған.

«Автокөлікті тексеру барысында 10 бас киік тушасын (2 аталығы мен 8 бас аналығы) табылды. Оқиға болған жерге Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің жедел тергеу тобы шақырылды», - дейді Ділдахмет Сәкен.
Бастапқы мәлімет бойынша табиғатқа 9 139 000 теңге зазал келтірілген.

Соңғы жаңалықтар