Киевтегі концерті кезінде Ротару пианиношының үстіне құлады

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Танымал әнші София Ротару Киевтегі Спорт сарайында ән шырқап тұрған кезінде Руслан Квинтаның үстіне құлап кетті. 

Оқыс оқиға атақты композитордың мерейтойлық концертінде орын алды."Күзгі гүлдер» композициясын орындаған Ротару ұзын көйлегінің етегіне сүрініп, пианиношының үстіне құлады. Квинта оның орнынан тұруына көмектесті және олар концерті тоқтатпай одан әрі  жалғастырды. Келеңсіз жағдай түсірілген видео YouTube-те  пайда болды.

Атап өтер болсақ, Ротару Квинтамен 2001 жылдан бері тығыз ынтымақтастықта. Композитор ол үшін 20 ән шығарған. Сондай-ақ Квинта Николай Басковпен, Ани Лорак, Таисия Повалий  және өзге де көптеген әртістермен жұмыс істеді.

 

Соңғы жаңалықтар