Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін «Қазақстанның Киберқалқаны» жобасы әзірленді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылдың 31 қаңтарында жарияланған Елбасы жолдауында белгіленген басымдықтардың бірі - институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Жолдауда Президент Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстан киберқалқаны» жүйесін қалыптастыру бойынша шара қабылдауларын тапсырған болатын.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру мақсатында, «Қазақстан-2050» Стратегиясының Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі бойынша тәсілдемелерін ескере отырып,  Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы, яғни «Қазақстанның Киберқалқаны» жобасын әзірледі.

Қазақстан Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында 
киберқылмыспен күрестің өзектілігі барған сайын арта түсетіндігін айтқан болатын.  "Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттің өлшеміне айналып келеді. Қазіргі заманда адамзат терроризмнің белең алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады", - делінген Жолдауда.

Киберқауіпсіздік тұжырымдамасы, яғни «Қазақстанның киберқалқаны» жобасын әзірлеу кезінде  Малайзия, Сингапур, Великобритания, Германия, Чехия, Франция, Литва, Эстония, Финляндия, Швеция, Швейцария және т.б. секілді елдердің халықаралық тәжірибесі зерделенді.

Тұжырымдаманың мақсаты жаһандық бәсекелестік жағдайларында Қазақстан Республикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін, электрондық ақпараттық ресурстардың, ақпараттық жүйелер мен ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіптерден қорғалуына қол жеткізу және сол деңгейде ұстау болып табылады.

Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі екі кезеңнен тұрады. Айта кетейік, бірінші кезең 2017-2018 жылдар, екінші кезең 2019-2022 жылдар.

Бірінші кезеңде:

- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы белгіленген талаптарды сақтаудың толық құқықтық қолдану практикасы қалыптасады;

- білім беру бағдарламалары мен кәсіби стандарттарға ревизия жүргізіледі, ақпараттық қауіпсіздік саласында даярланатын мамандардың саны мен сапасы артады, осы салада жұмыс істеп жүрген қазіргі қызметкерлердің біліктілігін арттыру қамтамсыз етіледі;

- отандық зерттемелер жасауда өнеркәсіп пен ғылым арасындағы өзара іс-қимыл мен кооперациялаудың тиімді схемасы бір жолға қойылады.

Бұл екінші кезеңде:

- қазақстандық IT-компаниялардың ұлттық ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге негізді тұрде қатысуын;

- отандық электрондық өнеркәсіп кәсіпорындарын мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың ел аумағында телекоммуникациялық жабдық сатып алуына тапсырыстармен жүктеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қазақстанның киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстанның киберқалқаны») бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы бекітілгеннен кейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үш айлық мерзімде 2017-2022 жылдарға дейінгі Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және Үкіметке енгізетін болады.

Соңғы жаңалықтар