ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанадағы ЭКСПО көрмесіне келеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанадағы ЭКСПО көрмесіне келеді. Бұл туралы бүгін Астанада Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің 8-отырысы барысында ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Чжан Гаоли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Таяу екі айдың ішінде біздің Мемлекет басшыларымыздың кездесуі өтеді деп көзделген. Сіздердің Президенттеріңіз мамыр айының ортасына қарай Қытайға келеді, онда ол «Бір белдеу - бір жол» атты халықаралық форумның жұмысына қатысады. Төраға Си Цзиньпин маусым айының басында Астанаға сапарлап, ШЫҰ саммитіне және ЭКСПО-ға қатысады. Сондықтан олардың арасында өте маңызды кездесулер өтеді», - деді Чжан Гаоли.

Еске сала кетейік, бұның алдында ҚХР Төрағасы Астанадағы ЭКСПО көрмесіне қатысатындығы туралы хабарланған болатын.

ҚХР Вице-Премьері Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықтың сәтті дамуына да тоқталды. Қазіргі уақытта 3 жоба іске қосылды, 5 жоба құрылыс үстінде, тағы 10 жоба жақын арада пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Индустриаландыру бойынша бірлескен қор құрылды, мақсатты несие қаражаты бөлінді.

Соңғы жаңалықтар