ҚХЛ плей-офф кезеңі: «Барыс» екінші ойында ұтылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасы плей-офф кезеңі аясындағы серияда астаналық "Барыс" "Тракторға" екінші ойында есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жерлестеріміз  Челябіде өткен алғашқы бәсекеде 5:2 есебімен жеңіске жеткен болатын.

1/8 финал аясындағы екінші матчта жергілікті "Трактордың" хоккейшілері "Барыстың" қақпасына бес бірдей шайба соқты. Ал біздің жігіттер бір шайбадан асыра алған жоқ. 

Ойын барысында алғашқы кезеңде есеп ашылмады. Екінші кезеңде  "Трактордың" хоккейшісі Алексей Кручинин алғашқы шайбаны соқса, артынша Александр Шаров есепті еселеді. 40-шы минутта "Барыс" ойыншылары Мартен Сен-Пьердің көмегімен жауап қайтарды.

Алайда, соңғы кезеңде алаң иелері үш бірдей шайба соқты. 50-ші минутта Артем Пеньковский бос қақпаны дәл көздесе, Максима Якуцени "Барыстың" қақпасына қос шайба тоғытты.

Енді қос команда 26 ақпан күні Астанада қайта жолығады.  

Соңғы жаңалықтар