КХДР Тынық мұхитында сутегі бомбасын жаруға әзір екенін мәлімдеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Корея Тынық мұхитында сутегі бомбасын жаруға дайын. Бұл жайлы Рёнхап агенттігі КХДР СІМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Солтүстік Корея СІМ басшысы Ли Ён Хо жарылыстың қуаты «аса жоғары деңгейде» болатынын айтты. Қазірге, оның сөзіне қарағанда, алдағы  сынақтың өткізілуі анықтала қойған жоқ. Барлық мәселе КХДР лидері Ким Чен Ынның тапсырмасына байланысты.

Дипломатиялық ведомстводағылар мемлекет басшысының қатаң жауап әрекеттер туралы айтқан сөзі  осы тәріздес сынақтарды өткізу мүмкіндігін білдіреді.

Соңғы жаңалықтар