КХДР таяу күндері ядролық сынақ өткізуге дайын

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР таяу күндері болатын жаңа ядролық сынақтан өткізудің соңғы кезеңінде, деп хабарлайды РИА Новости. «Сынақ осы айдың аяғында өткізілуі мүмкін», - деп хабарлайды Fox News аталмыш өңірдегі соңғы жаңалықтардан хабардар америкалық шенеунікке сілтеме жасап. 

АҚШ-тың қорғаныс министрлігі өкілдерінің дәлелдері бойынша, КХДР Пунгери ядролық полигонында жаңа тоннельдердің құрылысын аяқтаған, алайда құрылғыны белгіленген орынға әзірге жеткізбеген, деп хабарлайды шенеунік.

Пхеньян 2006 жылдан бері бес ядролық сынақ өткізіп, зымыран ұшырған. Сондай-ақ, солтүстіккорея басшылығы халықаралық қоғамдастықтар мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің ядролық және зымыран сынақтарын өткізуді тоқтатудан бас тартқан. Олар Оңтүстік Кореяда 28 мың әскери қызметшілерінің бар екендігін алға тартып, мерзімді түрде стратегиялық қаруларды дайындыққа шығарып, КХДР-мен бейбіт келіссөздер жүргізуден бас тартқан.

Соңғы жаңалықтар