КХДР тағы да зымыран сынағын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - КХДР тағы да зымыран сынағын өткізді. Оның қандай зымыранды сынағаны белгісіз, бірақ ол баллистикалық зымыран деген болжам бар. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Қарулы күштері мәлім етті, деп жазады ТАСС.

Мәлімет бойынша, зымыран солтүстіккореялық Вонсан қаласы маңынан ұшырылған.

Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин шұғыл түрде Қауіпсіздік кеңесінің шақырылғанын жария етті.

Ал Reuters агенттігі Жапонияның министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Сугуге сілтемемен зымыранның Күншығыс елінің арнайы экономикалық аймақ орналасқан аумағына таяу жерге құлағанын жазады.

 

Соңғы жаңалықтар