КХДР-ның зымыран ұшыруына байланысты шұғыл отырыс өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі КХДР-дың кезекті зымыран ұшыруына байланысты жұма күні шұғыл кеңес үшін жиналады. Бұл туралы ТАСС-қа БҰҰ дипломатиялық дереккөзі хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, отырыс 16 қыркүйекте Астана уақытымен сағат 01:00-де өтеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, шақырылымға АҚШ пен Жапония бастамашылық еткен.

Айта кетейік, КХДР жұма күні кезекті баллистикалық зымыранды ұшырды. Ол Жапонияның солтүстігіндегі Хоккайдо аралынан Тынық мұхитына қарай ұшып, Эримо мүйісінен шығысқа қарай 2,2 мың шақырым қашықтыққа құлаған.

Бұл 1998 жылдан бері КХДР-дың ұшырған зымыранының немесе оның бөлшектерінің Жапония аумағынан алтыншы рет ұшып өтуі. 

Жапония өкілдерінің пікірінше, КХДР құрлықаралық баллистикалық зымыран ұшыруы мүмкін еді, бірақ АҚШ Қарулы күштері Пхеньянның орташа қашықтықтағы баллистикалық зымыран ұшырғанын айтуда. 

Соңғы жаңалықтар