КХДР қысқы Олимпиадаға команда жіберуге ниетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Халық Демократиялық Республикасы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарына ұлттық құрамасын жіберуді жоспарлап отыр. Бұл жайлы дүйсенбі күні жаңажылдық жолдауында мемлекет басшысы Ким Чен Ын мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ТАСС-қа сілтеме жасап.

«Командамызды Олимпиадаға жіберуге ниеттіміз», - деді ол. Сондай-ақ Ким Чен Ын Корея Республикасымен қарым-қатынастарды жақсарту қажеттігін айтты.

КХДР Олимпиадаға қатысу үшін өтініш берілетін соңғы мерзімнен кеш қалды. Дегенмен қаңтардың ортасына дейін өз спортшыларын жіберуге қосымша мүмкіндігі бар.

Айта кетелік, ресми Пхеньянның зымыран-ядролық белсенділігінің артуы салдарынан Корей түбегіндегі саяси ахуалдың күрт шиеленісуі Пхенчхандағы қысқы Олимпиада ойындары қауіпсіздігіне алаңдаушылық туғызып отыр.

Соңғы жаңалықтар