КХДР-ға рейс жасайтын жалғыз әуе компаниясы ұшуын тоқтатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Солтүстік Кореяға рейс жасайтын жалғыз әуе тасымалдаушысы - Air China әуе компаниясы әуе қатынасын уақытша тоқтататынын мәлімдеді.

Қытай мемлекеттік әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, бұған сұраныстың жеткіліксіздігі себеп болған, деп жазады The Associated Press .

Бейжіңнің бұл шешімі КХДР-ның сыртқы әлемнен бұрынғысынан да бетер оқшаулануына әкеп соқтырды. Еске сала кетсек, ресми Пхеньянның ядролық және зымыран бағдарламаларын тоқтатпауына байланысты БҰҰ бірқатар санкциялар жариялаған болатын.

Соңғы жаңалықтар