ҚХДР-дағы жер сілкінісі жарылыс салдарынан болуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚХДР-дің солтүстік-шығысындағы Хамгён-Пукто провинциясында сенбі күні 3,4 магнитудалы жер сілкінісі болды. Қытай сейсмологиялық орталығы хабарлағандай, жер дүмпуі жарылыс салдарынан болған.

Ақпаратта көрсетілгендей, жерасты дүмпуі Бейжің уақытымен сағат 16:29-да (Астана уақытымен 14:29) тіркелген. Зілзала ошағы - «0 м» тереңдікте.

NHK телеарнасының дерегі бойынша, жер сілкінісі ядролық полигон сынағының жанында болған.

Бұдан бұрын, жұма күні ҚХДР СІМ басшысы мәлімдегендей, Пхеньян АҚШ-тың агрессивті саясатына жауап ретінде жаңа сутегі бомбасын сынақтан өткізуі мүмкін. Оның айтуынша, әңгіме қуатты сутегі бомбасын Тынық мұхитында сынақтан өткізу ықтималдығы жайлы болып отыр. 

Соңғы жаңалықтар