КХДР баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корей Халық Демократиялық Республикасы баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді.

Reuters -ке сілтеме жасап ТАСС агенттігінің мәліметінше, ракета ел астанасы Пхеньянның солтүстігінде ұшырылды.

Reuters-ке АҚШ үкіметінің құрылымындағы дереккөз хабарлағанындай, сынақ сәтсіз өтті.

Әскерилердің мәліметінше, ұшырылым жергілікті уақыт бойынша шамамен сағат 05.30-да (Астана уақытымен 02.30) жасалды. Сарапшылардың пайымынша, зымыран көкке көтерілген бірнеше секундтан кейін жарылған. Мамандар осы уақытта ракетаның үлгісін анықтауға тырысуда.

Айта кетейік, КХДР осының алдындағы сынақты 15 сәуір күні елдің негізін қалаушы Ким Ир Сеннің туған күні құрметіне өткізген болатын. 

Соңғы жаңалықтар