КХДР америкалық студенттің өлімі жайлы: біз құрбанбыз

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Пхеньян қаза болған америкалық студент Отто Уомбиер медициналық көмек алып келгенін және оған күтім жақсы болғанын мәлім етті.  

Солтүстік Корея 22 жастағы америкалық студент Отто Уомбиерге қатыгездік танытып, 17 ай бойы түрмеде ұстағаны туралы айыптарға алғаш рет жауап берді, деп хабарлайды  The New York Times.

Пхеньянның мәлімдеуінше, Уомбиер «халық жауы» болса-дағы, оған медициналық көмек көрсетіліп, жақсы қараған.

«Мемлекеттің жауына осындай рақымшылық жасауымызға ешқандай себеп болмаса да, оның жағдайының нашар болғанын назарға алып, гуманитарлық негіздерге барлық құрметпен оған АҚШ-қа қайтқанға дейін лайықты қарап, медициналық көмек көрсеттік», - делінген мәлімдемеде.

КХДР билігі Уомбиердің денсаулық жағдайы босатылғаннан кейін қалыпты болғанын алға тартып, оның неліктен еліне жеткеннен кейін қайтыс болғанын түсінбейтіндігін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар