«Khabar Cup-2017» турнирінің жеңімпаздары анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Khabar Cup-2017» турнирінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады «Хабар» арнасының ресми сайтында.

Шағын футболдан бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы спорттық дода осымен 3-рет ұйымдастырылды. Республика бойынша 16 команда қатысқан бұл шара «Хабар» Агенттігінің құрылған күні мен «Хабар 24» телеарнасының 5 жылдық мерейтойына арналды.

Спорттық додада турнир кубогын «Қазақ ТВ» командасы жеңіп алса, 2- тұғырға «Қазақстан» арнасы жайғасты.

Ал үшінші жүлделі орын «Диксиньюстің» жігіттеріне бұйырды.

Ойыншылардың да өзара мықтылары анықталды. Үздік ойыншы - Жасұлан Қасымберкебаев, үзік қақпашы - Ұлан Төлеуханов, үздік қорғаушы - Төреби Нұрланов, ал шебер шабуылшы Бексаттар Саттар атанды. 

Чемпиондар мен жүлдегерлер арнайы кубок, медаль және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«Khabar Cup-2017» турнирі келесі жылы да жалғасын табады.

Соңғы жаңалықтар