ҚХА Төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасының  Өкімімен Леонид Андреевич Прокопенко Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтеріне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Дархан Қамзабекұлы Мыңбай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі қызметтерінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар