ҚХА өкілдері Шахандағы қамқоршысыз қалған қызға пианиноны сыйға тартты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Шахан кентінде тұратын, ата-анасы тұрғын үй жарылысы кезінде үйіндінің астында қалып мерт болған Полина Андроповаға Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық өкілдігінің мүшелері барып қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қонақтар Полинаның музыкалық білімін жалғастыруы үшін өздері уәде еткен электрлі пианиноны алып келді.

 

«Біз әрине, Полинаның ата-анасына қайтара алмаймыз. Дегенмен біз баланың жан жарасын жеңілдетеміз ба, оның жабырқаған көңілін бір сәтке болса да жадыратамыз ба деген ниетпен келіп отырмыз. Музыка да ем, ол да қамыққан көңілге демеу бола алады»,-деді ҚХА ассамблеясының Қарағанды облысындағы өкілдігінің мүшесі Увайс Жанаев.

 

Полинаның әжесі Нина Смирнова көзіне жас ала отырып, қонақтарға алғысын білдірді. «Баланың музыкалық аспапта ойнасам деген үміті бар. Ол соны армандайды. Міне, екінші жыл қатарынан музыкалық мектепте білім алып жүр. Біз оны әлі талай жетістіктерімен қуантады деп үміттенеміз»,-деді қыздың әжесі.

Құлаған үйден ескі пианионы алып шығудың мүмкіндігі болды. Ол аспапты қыздың әжесінің үйіне алып келіп қойды. Ол да осы сыйлықты ашып көрсеткен залда тұрды. Полина ол аспапта ойнамайды. Өйткені ол ойнауға келмейді, бұзылған.

Полинаның осы қуанышын бөлісуге оның ұстаздары да келді.

«Біз Полина үшін өте қуаныштымыз. Оның ата-аналары музыкамен айналысқанын қалап еді және сол үшін көп уақыттарын да бөлетін. Сол еңбек жемісін берді, әрине. Полина музыкалық аспапта енді ғана ойнап жүрген балалардың барлығының қолынан келе бермейтін туындыларды орындайды. Ол өзінің қатарластарынан музыка жағынан айтарлықтай алда келеді. Болашақта оның музыкант болар, болмасы белгісіз. Бірақ, ол болашағынан зор үміт күттіреді»,-деді фортепиано сыныбынан сабақ беретін ұстаз Алла Рафикова.

Полина алдында қонақтар үшін аспапта ойнауға қысылғанымен, кейінірек ол Моцарттың туындыларының бірін орындап берді.

Осыған дейін хабарланғанындай, Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктері мен Қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері Полина Андроповаға арнайы көмек көрсетпек болған. Ол үшін ҚХА өкілдері 500 мың теңге жинады.

Айта кетейік, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минутта жылу қазандығы жарылуының салдарынан Қарағанды облысының Шахан кентінде көпқабатты үйдің бір бөлігі құлады. Үйіндінің астында 9 адам қалды. Оның 3-уі балалар. 6 адам құтқарылып, екі зардап шеккен азамат ауруханаға жеткізілді.

 

Соңғы жаңалықтар