ҚХА-ның Астана қалалық өкілдігі жыл сайынғы қайырымдылық акциясын өткізді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының Астана қаласындағы өкілдігі қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемеде жыл сайынғы қайрымдылық акциясын өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Акция әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдауға және олардың мәселелелеріне қоғам назарын аударуға, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел - үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын жүзеге асыруға бағытталады.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік орган, қоғамдық ұйымдар, этномәдени бірлестік өкілдері қатысты.

«Біз өз үйімізді Қазақстан халқы Ассамблеясының кіші үйі деп атаймыз. Бұл жерде бейбітшілік, достық пен келісімнің шаңырағы аясында он екі ұлттың өкілі тұрып жатыр. Қазақстанның байлығын дәл осы этносаралық келісімнен көруге болады!», - деді Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Кенжеболат Бапишев.

Қарттар үйінің тұрғындары үшін Астана қаласындағы этномәдени орталықтар арнайы мазмұны бай концерттік бағдарлама әзірледі, ұлттық тағамдар ұсынды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан халқы Ассамблеясы елімізде қайырымдылық қызметті үйлестіруші болып табылады.

Этномәдени бірлестік өкілдері осындай мекемелерді аралап, тұрғындардың өз мәдениетімен, туған тілімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік береді, оларға қоғамның ерекше қамқорлығы мен назарын сезіндіре біледі.

Соңғы жаңалықтар