ҚХА-ның 12 мың мүшесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасына атсалысып жүр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 мыңнан астам мүшесі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жұмыс істеп жүр. 

Бұл туралы ҚХА Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 6 негізгі жоба мен 1100-ден астам қосымша жобалар жүзеге асырылып жатыр. Олардың барлығы қоғамдық сананы жаңғырту мен ХХІ ғасырда еліміздің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін салаларды қалыптастыруға бағытталған. Аталған жобаларды жүзеге асыруға 12 мыңнан астам ҚХА белсенді мүшелері атсалысуда. Нақтырақ айтсақ, олардың саны - 12641. Оның 98-і жобаларды басқарса, 116-сы сарапшы болып жүр», - деді Д.Мыңбай ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өткен семинар-тренингтің ашылуында.  
null 

Сонымен бірге, ҚХА Төрағасының орынбасары Қазақстанның үшінші жаңғыруының экономикалық өсімнің жаңа моделін құруға және жаһандық бәсекеге қабілеттілікпен қамтамасыз етуге бағытталғанын және бұл орайда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының ерекше мәнге ие екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы айтқандай, рухани жаңғыру саяси және экономикалық жаңғырудың нағыз өзегі болып табылады. Сол себепті, қоғамдық сананы жаңғырту мемлекеттің, азаматтық қоғамның және әрбір азаматтың  негізгі міндеттерінің біріне айналады. Олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастар жүйесін, қоғамның рухани өмір саласын қамтитын кең ауқымына қарамастан, барлығы түптеп келгенде қайратты әрі жауапты адамдардың бірегей ұлтын құруға бағытталған», - деп өз сөзін түйіндеді Д.Мыңбай.
null 

Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандық бірлік пен келісім үлгісінің маңызды бөлігі болып табылады. Ассамблея құрамында 1300-ден астам этномәдени бірлестіктер, 3 мыңға жуық қоғамдық келісім кеңестері, 2 мың аналар кеңесі, 39 достық үйі, 14 журналистер клубы және 15 тілде ақпарат тарататын 52 БАҚ бар. Ассамблея активі республика бойынша 150 мыңнан астам адамды құрайды.

Соңғы жаңалықтар