ҚХА қазақстандықтарды Жаңа жылмен құттықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқы Ассамблеясы қазақстандықтарды жаңа 2018 жылмен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жыл еліміздің шежіресіндегі маңызды белес, жетістіктер мен тарихи реформалар жылы болды. Ұлттық бірлік пен келісімнің арқасында болашақ энергиясына арналған халықаралық мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесі мен  Универсиада сәтті әрі жоғары деңгейде өткізілді. Әлемнің  ең бәсекеге қабілетті отыз елінің ішінде Қазақстанның лайықты орын алуын қамтамасыз етуге бағытталған конституциялық  реформа, Қазақстанды үшінші жаңғырту және «Рухани жаңғыру» бағдарламалары іске асырылуда», - делінген құттықтауда.  

Сондай-ақ, ҚХА 2017 жыл елге жаңа есімдерді танытқан жыл болғандығын атап өтті.

Димаш Құдайберген, Динара Сәдуақасова, Денис Тен, Данэлия Төлешованың ерекше таланттары жерлестерімізді халықаралық деңгейде танымал етті, ал «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының іске асырылуы өскелең ұрпақ үшін Тәуелсіздік жылдарындағы ерен еңбектің арқасында қол жеткізілген бірегей  табыстар мысалын ашып көрсетті.

«2018 жыл идеялар мен жетістіктерге толы жыл болсын, экономикалық және әлеуметтік өсуіміздің, әрқайсымыздың үйлесімді дамуымыздың жаңа перспективалары тағы да ашыла берсін. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілейміз. Отбасындағы  шуақ пен жақындарымыздың сүйіспеншілігі баршаның жанын жылытсын», - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясы.  

Соңғы жаңалықтар