ҚФФ басшылығына Әділбек Жақсыбековтың кандидатурасы ұсынылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан футбол федерациясында өткен онлайн-конференцияда аймақтық ұйымдар Әділбек Жақсыбековтың кандидатурасын басшылыққа ұсынды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚФФ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми ақпаратқа сәйкес, Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде бас хатшы Азамат Айтхожин пен аймақтық федерациялар өкілдерінің қатысуымен онлайн-конференция ұйымдастырылды. Ондағы қаралған негізгі мәселе - 10 ақпан күні Астанада өтетін федерацияның кезектен тыс конференциясы.

Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақовтың отсавкаға кеткені белгілі. Аймақтық федерациялардың өкілдері ҚФФ президенті орнына Әділбек Жақсыбековтың кандидатурасын ұсынуды бірауыздан қолдады.

 «Әділбек Жақсыбеков бұған дейін де еліміздің футбол федерациясын басқарған болатын. Сол кезде отандық футболдың дәрежесі көтерілді. Ұлттық құрама өз өнерімен жанкүйерлерді қуантты. Ал ішкі чемпионаттың дәрежесі жоғары болғандықтан, клубтардың ойыны тұрақты, халықаралық матчтарда өнері табысты болды. Республика бойынша футбол орталықтары ашылды. Мыңдаған бала сүйікті спорт түрімен айналысуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, 2014 жылы Қазақстанда алғаш рет УЕФА-ның Конгресі өтті. Біздіңше, Әділбек Рыскелдіұлының басшылығымен футболымыздың дамуы жалғаса береді», - делінген федерация өкілдерінің үндеуінде.

Айта кеткен жөн, кезектен тыс конференцияда дауыс беру арқылы Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті сайланады.

Соңғы жаңалықтар