Кейкі батырға арналған рәсімнің қоғамдық-саяси мәні зор - Гүлшара Әбдіқалықова

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қостанай облысындағы Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысының Амангелді ауданына қарасты Тасты ауылында өткен Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсіміне Парламент депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері, белгілі ғалымдар, шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты. Олар Кейкі Көкембайұлыныың тұлғалық қасиеті, азаттық жолындағы күресі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, бұл рəсімінің мəн-маңызына тоқталды.

«Бүгінгі рәсім - қазақтың хас батыры, құралайды көзге атқан мерген Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы рухына лайықты құрмет көрсетудің көрінісі. Мұндай тағылымы мол оқиғалар арқылы бірлігіміз нығайып, ұлттық рухымыз асқақтай түсетіне кәміл сенемін. Батырға арналған рәсімнің Қазақстанның қоғамдық-саяси және рухани-мәдени өміріндегі мәні зор», - деді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова.

Соңғы жаңалықтар