Кейкі батыр қолданған құнды жәдігер

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының батыры, білікті сардар Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлының көзі тірісінде қолданған кебежесі Арқалықтағы мұражайда сақтаулы тұр.

 Торғайдағы халық көтерілісіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Өр Торғай - ерлік мекені» экспедициясының сапары аясында  Арқалық қаласындағы «Дала өлкесі тарихы» облыстық мұражайында болғанымызда, Кейкі батырдан қалған құнды жәдігерді өз көзімізбен көрудің сәті түсті.   Бұл күнде мұражайға аяқ басқан әрбір адам батырдың көзіндей болып қалған  көне кебежені көрмей кетпейді екен. Осы уақыттарға дейін көнеден қалған құнды жәдігерді Қостанай облысы, Аманкелді ауданына қарасты Қарасу ауылының тұрғындары Нұралы Ербосынов пен Торғай Бейсенбайқызы көзінің қарашығындай сақтап келген. 

null  

Арқалық қаласындағы бұл мұражай басқа да тарихи құнды мұрағаттарының молдығымен келушілерді тәнті етеді. Мұржайды аралаған адам осы өңірдің тарихы мен мәдениетін, экономикасын сипаттайтын археологиялық коллекциялармен, табиғаты, жан-жануарлары, басқа да өлке тарихын баяндайтын құнды деректермен таныса алады. Кенесары Қасымовтың ұлт - азаттық көтерілісіне қатысқан Сары Қошқар батырдың сауыты, Шоңның Жүсібінің кісе белбеуі, ерекше шеберлікпен жасалған қыз баланың белдігі, торғайлық Дәметкен Смағұлова тапсырған асадал мен төсеніш және Өмірбеков Сүлейменнің алты қанатты киіз үйі осы мұражайдың бағалы жәдігерлері. Танымалы  шебер Алтынбек Қырымбековтың қолынан шыққан қыз сәукелесі де осында сақталған. Сәукеле Астана қаласының тұсаукесер салтанатында көрмеге қойылып қонақтар мен өнертанушылар тарапынан жоғары бағасын алған екен.

null  

Сондай-ақ, мұражайда тарихи оқиғаларды көрсететін диорамалардың жанды, шебер бейнесі, өткен өмірді көз алдыңызға әкеліп, терең әсерге бөлейді. Алғашқы адамдар қауымдастығының үңгірдегі тіршілігі, Аңырақай соғысы, Татыр шайқасы, Әліби Жанкелдиннің «Қызыл керуені», соғыстан зардап шеккен Украинаға мал айдау сапары, Арқалықтан алғашқы кен алған сәт... бәрі де барынша нанымды бейнеленген. Арқалық ғарыш айлағы экспозициясынан ғарышкерлердің жеке заттары, ғарышта қолданатын құрал-жабдықтары және тағамдарымен таныса алады. Табиғат бөлімінің экспозициясынан өлкенің сан алуан өсімдіктері мен жан-жануарларын көруге болады.

null   

«Дала өлкесі тарихы» облыстық мұражайы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің №88-р Жарлығымен 1972 жылдың 4 ақпанында құрылды. Халық батыры А. Имановтың туғанына 100 жыл толуына орай, 1973 жылдың 28 шілдесінде алғашқы көрермендерін қабылдаған. Мұражайдың негізін қалап, қалыптасуына мол еңбек сіңірген мәдениет пен өнердің жанашыры, ұлтжанды азамат Өзбекәлі Жәнібеков, сол кездегі облыс басшылары Сақан Құсайынов, Юрий Трофимов және Айдархан Сәрсенов секілді біртуар азаматтар еді. Мұражайдың ашылу салтанатына сол уақыттағы Республика басшысы Дінмұхаммед Қонаев қатысқан.

null null null null null null null  null null null  

                                                                                                                                                                             Бақытжол Кәкеш

Соңғы жаңалықтар