Кейкі батыр кесенесінің құрылысына іркіт пайдаланылған

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат - Қостанай облысы, Амангелді ауданындағы Кейкі Көкембайұлы кесенесі ата-бабалар пайдаланған әдіспен салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрылыс бригадасының басшысы Бақытжан Сәрсенбековтің айтуынша, құрылыста ата-бабаларымыздың ежелгі технологиясы қолданылды.

«Кірпіш қалағанда сиыр сүтінің сары суы пайдаланылды. Бұл әдіс ертеден келе жатыр. Аталарымыз қатты құмды жібіту үшін іркіт қолданған. Цемент езуге жай су жарамай, іркіттің сарысуы қажет болды. Лай кепкен соң, үгітіліп кетпеу үшін осы әдісті қолдандық. Іске кіріспестен бұрын тәжірибелі құрылысшылардың кеңесіне жүгіндік. Ауылға жақын маңайда сүт зауыты жоқ болса да, күніне 200 литр сарысуды жергілікті тұрғындар өздері жеткізіп тұрды. Елдің көмегінің арқасында кесене сапалы әрі жылдам салынды», - деді құрылыс маманы.

Белгілі құрылысшы Абай Мұқанов нысанды сәулет өнерінің осы заманғы көркем үлгісі деп бағалады. Әрине, жобаны меңгеру нағыз құрылыс шеберлеріне байланысты. «Аллюминстрой» ЖШС - Тобыл-Торғай аймағындағы жетекші құрылыс мекемесі. Аталған серіктестік мамандары өздеріне жүктелген жұмысты уақтылы аяқтады. Ал кесененің күмбезі мен бағаналарын «ЕL-DAANA» бюросының құрылысшылары жасады. Дулыға пішіндес 16 қырлы  дөңгелек кесененің биіктігі 15 метрге жуық.

Құрылысқа қажетті 70 млн теңге ерікті түрде демеушілерден жиналғанын айта кетейік.
null

Соңғы жаңалықтар