«Керуен» ойын-сауық орталығы маңында болған жол апаты әлі тексеріліп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қараша айында «Керуен» ойын-сауық орталығының жанында Infiniti көлігімен болған жол оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, 12 қараша күні «Керуен» ОСО маңында Infiniti көлігі жаяу жүргіншілерді қағып, олардың бірі Әлел Рымханова ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған болатын.

Көлік жүргізушісі Болат Молдағалиев маңайдағы бірнеше көлікті де соққан еді. Оқиға қоғамда кеңінен талқыланып, ішкі істер органдары көлік жүргізушісіне қатысты іс қозғалғанын мәлімдеген.

Осы ретте Болат Молдағалиев өзінің Facebook парақшасында зардап шегушілерден кешірім сұрап, өзінің эпилепсиямен ауратыны жайлы пост қалдырған.

9 қаңтарда Астана қаласының прокуратурасы «ҚазАқпарат» тілшісіне телефон арқылы берген сұхбатында, ол кезде бұл іске сараптама жасалып жатқанын айтқан. Жаңа жыл алдында  сот-психиатриялық сараптама өткізілген.

«Сарапшылар жүргізушіге қатысты алдағы қорытындылар нәтижесінде шешім шығарады. Оның қаншалықты шын айтып жүргені де белгілі болады. Сараптама қорытындылары қаңтардың аяғында шығады деп ойлаймын»,-деп мәлімдеді Астана прокуратурасы.

Соңғы жаңалықтар