«Керуен» маңындағы көлік апаты: Жүргізуші қағып кеткен қыздан кешірім сұрады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Керуен» СОСО маңында болған елді дүрліктірген жол-көлік оқиғасы бойынша өтіп жатқан сотта басты күдікті Болат Молдағалиевтен жауап алу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жауап алу кезінде Молдағалиевке алғаш рет жәбірленуші Әсел Рымхановадан бетпе-бет кешірім сұрау мүмкіндігі берілді. Жәбірленуші сотқа денсаулық жағдайына байланысты видеожазба арқылы қатысты.

«Әсел, мен Сізден кешірім сұраймын және егер, мүмкін болса, айығуыңызға көмектесуге дайынмын. Мен әдейі істеген жоқпын», - деді ол сотта.

Сондай-ақ, ол жол апаты болған кеш есінде жоқ екенін, тек кейбір үзінділері ғана есінде екенін жеткізді.

Еске сала кетейік, 2017 жылғы 12 қарашада «Керуен» СОСО маңында Infiniti автокөлігі екі жаяу жүргіншіні қағып, соның біреуі - Әсел Рымханова ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын, бұдан тыс машина тұрақтағы бірнеше көлікке де зақым келтірген.

 

Соңғы жаңалықтар