«Керуен» маңында болған жол апатына қатысты негізгі сот талқылауы басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «Керуен» сауда ойын-сауық орталығы маңында екі адамды қағып кеткен Болат Молдағалиев ісі бойынша негізгі сот талқылауы басталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

2017 жылғы 12 қарашада «Керуен» СОСО маңында Infiniti автокөлігі екі жаяу жүргіншіні қағып, соның біреуі - Әсел Рымханова ауыр халде ауруханаға жеткізілген болатын, бұдан тыс машина тұрақтағы бірнеше көлікке де зақым келтірген.

Оқыс оқиға елдің қызу талқысына түсті. Күдікті Болат Молдағалиев Facebook-те жариялы түрде зардап шеккендерден кешірім сұрап, эпилепсиямен ауыратынын жеткізген.

ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүріп жатқанына байланысты, іс туралы пікір білдіруден бас тартып келді. Сондай-ақ, Астана денсаулық сақтау басқармасындағылар да күдіктінің эпилепсиядан зардап шегетіні туралы фактіні не растамады, не жоққа шығармады.

Тергеу барысында тек прокуратурадағылар қысқаша пікір білдірді. Астана прокуратурасынан алынған мәліметтерге қарағанда, Молдағалиевтің (күдікті) соңғы бес жылда 4 жол-көлік оқиғасы үшін жазаланбағаны, медициналық тексеруден өтпегендігі туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды. Зардап шеккен қыздың әкесі Нұрлан Рымханов бұған дейін Facebook-тегі парақшасында оқиғаның видеосын қосымша ете отырып, тергеудің барысы жайында пікірін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар