Кепілгер елдер Сирияда қауіпсіз аймақ құруға уағдаласты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада өтіп жатқан екікүндік келіссөздерден кейін кепілгер елдер Ресей, Иран және Түркия Сирияда қауіпсіз аймақ құру туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы екі күн бойы Астана процесіне қатысушылар соғыс пен ұрыс қимылдарын тоқтату режімі келісімін жүзеге асыру бойынша шолу жасады. Нәтижесінде кепілгер елдер Сирияда деэскалация аумағын құру туралы меморандумға қол қоюға келісті», - деді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Сирия ахуалын реттеу жөніндегі Астана процесінің жалпы отырысында.

Сирияда деэскалация аймағын құру туралы меморандум зорлық-зомбылықты тоқтату, гуманитарлық ахуалды жақсарту  және сириялық жанжалды саяси шешу мен процесті ілгерілету үшін жайлы жағдай жасау мақсатында деэскалация аймағын құруды қарастыратындығы аталып өтілуде.

null 

Соңғы жаңалықтар