Кентаулық ақ жаулықты аналар «Әже-ұлттың ұйтқысы»» байқауының жеңімпазы атанды

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кентау қаласында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай көптеген игі шаралар ұйымдастырылып жатыр , деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Кентау әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев жергілікті БАҚ өкілдерімен өткізген  баспасөз мәслихатында қаланың тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктерін баяндады. Сондай-ақ ол тілшілер қауымын мерекемен құттықтап, алғыс хаттар табыстады. "Бұл күн - ата-бабамыз аңсаған арманның жүзеге асқан, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Әр ұлт, әр халық үшін тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Еліміз алып, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде әлемге танылды. Тәуелсіздігімізді тұғырландыру, егемендігімізді еңселету, Елбасымыз бастаған биіктерге қол жеткізу жолында бұқаралық ақпарат құралдарына артылған сенім жүгі ауқымды. Ел жаңалықтарының жарқын хабаршысы ретінде қоғамдық ахуалды айқындап, көпұлтты халқымыздың рухани болмысын қалыптастыруға айтарлықтай үлес қосып келесіздер," деп түйіндеді өз сөзін Әбдібақыт Мақұлбаев.

Сонымен қатар, "Әже-ұлттың ұйтқысы" байқауының қорытындысы бойынша өткен жиында қала әкімі ақ жаулықты аналарға жүрекжарды тілегін білдірді. Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат бағдарламасы негізінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткізілген облыстық "Әже-ұлттың ұйтқысы" байқауында Кентау қаласының әжелері қатысып жүлделі 1-ші орынды иеленді. Осындай жеңістерімен қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев арнайы құттықтап сайысқа қатысушыларға алғыс хаттар табыстап, құрмет көрсетті. Кентаулық әжелер салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыпты насихаттап, белсенділік танытып, қаншама топтардың ішінен суырылып шығып, көрерменнің көзайымына айналды. Ұрпақ тәрбиесіне бей-жай қарамайтын әжелерге тек ұзақ ғұмыр, бастамаларына тек сәттіліктер тіледі қала басшысы.

 

Соңғы жаңалықтар