Кентауда жедел жәрдем көлігі 2 жасар бүлдіршінді қағып кетті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Оңтүстік Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі 2 жасар баланы қағып кетіп, бүлдіршін қайтыс болды. Қайғылы жағдай кеше түстің кезінде Кентау қаласында орын алған, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, Кентау қалалық полиция бөліміне хабар сағат 14:30 шамасында түскен.

«16 мамыр күні Кентау қаласында жедел жәрдем көлігі 2 жастағы қызды қағып кетіп, ауыр жарақат алған бүлдіршін  оқиға орнында жан тәсілім еткен. Қалалық ІІБ қызметкерлері «Хюндай Старекс» маркалы көлікте кезекші жүргізуші болғанын анықтады. Ол көлігімен артқа жүремін деп, баланы соғып кеткен», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда осы оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің  345-бабы «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша іс қозғалып, анықтау шаралары жүргізілуде. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар