Кентауда бұқаралық велошеру өтті

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Кентауда қала күніне орай велошеру өтті. Қалалық спорт және дене шынықтыру бөлімі ұйымдастырған шараға 150 -ге жуық тұрғын қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

Сайысқа қаланың мектеп оқушылары, студенттер, мекеме қызметкерлері мен тұрғындар қатысты.  Халық арасында салауатты  өмір  салтын қалыптастыру мен  нашақорлыққа  және  есірткі  бизнесіне  қарсы  күресті  насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайысқа  қала әкімдігі мен дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшылары арнайы келіп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Веложарыс  Хантағы ауылының орталық алаңынан бастау алып, Кентау қаласы "Ынтымақ» алаңына дейін созылды. Жарыс жолының қашықтығы 7,2 шақырымды құрады. Ал спорт мектептерінде тәрбиеленетін жасөспірімдер мен  жастар велошеруге қатысушыларға қолдау көрсету мақсатында Ынтымақ алаңына жиналды.
null

Тартысты да, қызықты өткен бұл жарыста бірінші   және екінші орынды ағалы-інілі  Захитдиновтар,  үшінші орынды Қазбек Оңқай иеленді. Жарыс жеңімпаздарын 30 қыркүйек күні қала күніне орай өткізілетін мәдени іс-шарада Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев марапаттайды деп күтілуде. 
null 
null 

Соңғы жаңалықтар