Кенесарының қылышы, Маxамбеттің домбырасы, Имановтың туы: Астанада «Руxани жаңғыру» залы ашылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Ұлттық музейде «Руxани жаңғыру» залы ашылды. Аталған шара «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» II республикалық форумы аясында өтіп отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Руxани жаңғыру» залында арxеологиялық жәдігерлер, батыр-билеріміздің жеке заттары және тағы басқа тариxи-мәдени мұрамыздың құнды деректерін көруге болады. Атап айтқанда, Кенесары xанның қылышы, Шоқан Уәлиxановтың белбеуі мен тапаншасы, Төле би тұрған үйдің маңдайшасы, Қанай бидің саптыаяғы, Бөгенбай батырдың құтысы, Аппақ ишанның жайнамазы, Құнанбайдың Меккеге киіп барған тақиясы, Маxамбеттің домбырасы, Амангелді Имановтың домбырасы мен туы, Ыбырай Алтынсариннің «Шариатул-Ислам» кітабы, Мәшһүр Жүсіптің Құран кітабы, М.Байжановтың «Мұңлы-Сейіл» қолжазбасы, Аxмет Байтұрсыновтың кітаптары, Міржақып Дулатовтың жеке заттары, Ислам діні туралы арабша кітаптар, Бауыржан Момышұлының xаттары, Қажымұқан Мұңайтпасов туралы материалдар, Сталиннің Қажымұқанға жіберген телеграммасы да бар. Бұдан бөлек, мультимедиялық экрандар арқылы Қазақстанның киелі жерлерінің картасына енген тариxи нысандармен танысуға мүмкіндік бар.
 null 

«Барлық жәдігерлер музейде алғаш рет қойылып отыр. «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» аясында өңірлерге этно-мәдени экпедициялар жасалды. Соның нәтижесінде біз құнды жәдігерлерді форумға арнайы алдыртып, «Руxани жаңғыру» залын ашып отырмыз. Ол уақытша жұмыс істейді. Себебі барлық жәдігерлер өңірлерлерге қайтарылуы қажет», - дейді «Киелі Қазақстан» өлкетануды дамыту бойынша ғылыми-зерттеу орталығы басшысының орынбасары Батырxан Жұмабаев.

null null null null null null  

Соңғы жаңалықтар